АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операциясының уақыты жарияланды

АҚШ президенті Дональд Трамп New York Times газетіне берген сұхбатында АҚШ әскери күштері қажет болған жағдайда Иранға шабуылды төрт-бес апта бойы жалғастыруға ниетті екенін айтты.

“Төрт-бес апта деп жоспарлап отырмыз. Бұл қиын болмайды”, – деді Дональд Трамп.

Сонымен қатар, америкалық көшбасшы Daily Mail-ге берген сұхбатында Иранға қарсы операция “төрт апта немесе одан аз уақыт алатынын” мәлімдеді.

Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авив соққының мақсаты Тегеран ядролық қару алуына жол бермеу екенін мәлімдеді. АҚШ президенті Дональд Трамп та Иран флоты мен қорғаныс өнеркәсібін жоюға ниет білдірді.