Бәйдібектік тұрғын мемлекеттік қолдаумен көлік жөндеу орталығын ашқан

Бәйдібектік кәсіпкер Бауыржан Молдабеков мемлекеттен 1 млн 380 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алып, көлік жөндеу орталығын ашқан. Сондай-ақ, ол қажетті құрал-жабдықтарын да толық сатып алған.
-Мемлекеттен қайтарымсыз грантты жеңіп алып, жеке кәсібімді бастағаныма қуаныштымын. Орталық ашылғаннан бері келушілер саны артып жатыр. Қызметке жүгінушілердің көпшілігі аудан тұрғындары. Алдағы уақытта кәсіпті ұлғайтып, аудан азаматтарын жұмыспен қамтуға әрекет жасаймыз,- дейді Бауыржан Молдабеков.