Қайтарымсыз грант алуға болады

▫️Business.enbek.kz порталында 2024 жылғы 20 мамырдан бастап 1-лек бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдау жүзеге асырылады. Республика бойынша бірінші лекте 4 500 адамға грант беру жоспарлануда.
Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, нысаналы мақсаты жаңа бизнесті бастау және дамыту болып табылады.
Грант көлемі 400 АЕК-ті (1 476 800 теңге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.
Өтінім беру үшін қажет:
– Порталда тіркелу;
– грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
– бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;
– өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.
Жаңа бизнес-идеяны іске асыруға грант алуға үміткер бола алады:
– тіркелген жұмыссыздар;
– жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін).
Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:
– мүгедектігі бар адамдар;
– қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар;
– өңіраралық қоныс аударушылар
– аз қамтылған отбасы мүшелері;
– көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы / зайыбы);
– мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы);
– асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.
Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.
Грант алуға өтінімдерді қабылдау бірыңғай терезе – «Business.enbek.kz» порталы арқылы жүзеге асырылады.
Грантты: қажетті құрал-саймандарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, малдарды, жануарларды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды сатып алуға, орын-жайларды жалға алу ақысын төлеуге алуға болады.