Қазақстанда докторанттарды даярлауға арналған мемлекеттік гранттардың тізімі жарияланды

Елімізде докторанттарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру гранттарының тізімі жарияланды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) ресми сайтында хабарлады.
“2023-2024 оқу жылына жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы”, – делінген ҰТО ресми сайтының хабарламасында.
Жалпы докторантураға небәрі 712 грант бөлінген. Қай мамандықтарға грант бөлінгенін мына сілтеме арқылы өтіп білуге мүмкіндік бар. Айта кетейік, ҰТО ресми сайтының мәліметіне сүйенсек, докторантураға тек магистратура дәрежесі мен кемінде 9 ай жұмыс өтілі бар немесе медицина саласы бойынша резидентурадағы оқуын бітірген тұлғалар қабылданады.
Сондай-ақ мемлекеттік тапсырыс бойынша не ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл мөлшері 75 болуға тиіс.
Дереккөз: TuranSmart.kz