Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі болды


ТЖМ мәліметінше, жер асты дүмпуі 6 қазанда Астана уақыт бойынша сағат 01:29-да Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында тіркелген.

“Эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 465 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі – 10 шақырым. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13.3, магнитудасы – 5.9”, – деп жазылған хабарламада.