Лудомания – қоғамның дерті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып барады. Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен қасіретке айналды. Лудоманияға қарсы күресте тәрбие ісі мен түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуге тиіс» – деген болатын.
Осы мақсатта Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің жастарына «Лудомания – қоғамның дерті» тақыбырында семинар өтті. Оған «Жан дауа» оңалту орталығының білікті маманы Думан Бақдаулетұлы қатысты.
Спикер лудоманияның қазіргі таңда өзекті мәселердің бірі екенін жеткізіп, оның қаншалықты зияны мен адам өміріне тигізер қауіп-қатерімен бөлісті.