Ордабасыда кәсіпкерлік бойынша 300-ге жуық жас білім жетілдірді

Ордабасы ауданында жастарды кәсіпкерлікке ынталандыруға бағытталған «Өз кәсібіңді аш» атты экскурсия және семинар-тренингі өтті. Қатысушыларға шара алдында «Бөрте Милка» ЖШС кешенді сүт фирмасы мен «Bokei» ЖШС қыш зауытына экскурсия жүргізілді.
Семинар-тренингті Ордабасы ауданы әкімі орынбасары Олжас Болатханұлы мен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының Жастар ресурстық орталығы мекемесінің басшы орынбасары Пердебек Есқұлов ашып беріп, кәсіпкерлік саласының даму қарқыны мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын ауқымды жобаларға тоқталды. Аудандық мәдениет үйіне жиналған 300-ге жуық жасқа «Жастарға арналған 2,5 % несие», «Бизнестің жол картасы – 2025», «Бастау бизнес» жобасы түсіндірілді.