«Сауран таланттары-2024» өнер байқауы өтті

Сауран ауданының құрылғанына 3 жыл толуына орай, аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Сауран таланттары-2024» өнер байқауы өтті. Байқаудың бірінші кезеңінде 60-қа жуық жас әнші іріктеуге қатысып, ақтық кезеңге 21-і жолдама алған. Мәдени шараға облыстық Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Ернар Бектаев қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқау нәтижесі бойынша Шохзод Бабаханов – бас жүлдеге, Жарылқасын Құмабай – І орынға, Ақтолқын Қалдыбек – ІІ орынға, Шапағат Сапарбай – ІІІ орынға ие болды. Одан бөлек, көрермен көзайымы болған қатысушылар да арнайы номинациялармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.