Созақтықтар саябақтарда жеміс ағаштарын отырғызуда

Созақ ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясындағы «Таза өлке» апталығында тазалық және көгалдандыру жұмыстары қарқын алып жатыр. Бүгін аталған акцияға Созақ ауылының тұрғындары «Созақ» демалыс аймағы мен «Жастар» саябағында жеміс ағаштарын отырғызды.
Айта кетейік, акцияға қатысушы тұрғындар «Созақ» демалыс аймағында 300-ден астам түрлі жеміс ағаштары мен 1 000-ға жуық қаратал көшетін ексе, бюджеттік мекеме қызметкерлері «Жастар» саябағында күншығыс елдерінде арман ағашы саналатын Сакура ағашының 250 түбін отырғызды. Бұған қоса, 100 түп арша ағашы, 1 500 түп қаратал көшеті, 200 түп раушан егілді.
Айта кетейік, «Жастар» саябағына бұған дейін 500-ден астам арша ағашының көшеттері отырғызылып, олар 100 пайызға өнген болатын.