Тоқаев қорғаныс министрінің жаңа орынбасарын тағайындады

Бақытбек Сыдықов қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
“Мемлекет басшысының өкімімен Бақытбек Сапарбекұлы Сыдықов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды”, – делінген хабарламада.