Түркістандық «Тұран» командасы гандболдан ел чемпионы атанды

Шымкент қаласында желтоқсан айының 6-12 күндері аралығында гандболдан жоғары лигадағы ерлер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Биылғы қол добы шеберлерінің додасына елімізден 8 команда қатысып, бас жүлдеге таласты.
Ақтық бәсекеде Түркістан облысының «Тұран» құрамасы І-орынды иеленіп, қатарынан үшінші рет алтын медальдің иегері атанып отыр. Тартысты өткен чемпионатта ІІ-орынды Шымкент қаласы командасы алса, ІІІ-орын Қарағанды облысының командасына бұйырды. Сонымен қатар, Алматы облысы, Павлодар, Қостанай, Астана, Ақтөбе командалары қалған орындарға жайғасты.
Тұрандық команданың бапкерлері Мақсат Нарметов пен Буният Акрамжанов командаға қолдау білдірген жанкүйерлерге өз алғыстарын жеткізіп, ел абыройын Халықаралық додаларда арттыра түсуге еңбек ететіндерін жеткізді