Жаңа оқу-ағарту министрі тағайындалды

Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Ақорда.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды”, – делінген хабарламада.
Еске салайық, Мемлекет басшысы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қызметінен босатты.




