Жетісайда шахматтан облыстық біріншілік басталды

Жетісай ауданында Түркістан облысы шахмат Федерациясының филиалы ашылды. Аймақтық өкілдіктің басшысы болып Ербол Таленов тағайындалды. Федерация филиалының ашылуы аясында ауданда шахматтан облыстық біріншілік басталды. Аталмыш жарысқа облыс аумағында орналасқан аудан-қалалардан 120 шахматшы қатысуда.
Айта кетейік, биыл Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен Жетісай аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне 4 штат бірлік шахмат жаттықтырушысы берілді. Сондай-ақ, Жетісай ауданы әкімшілігінің қолдауымен «Жетісай спорт клубы» мекемесіне 2 штат шахмат жаттықтырушысы берілген. Ауданда бүгінде шахмат үйрмелеріне 100-ге жуық жасөспірім тұрақты түрде қатысуда.