Шұғыла Нәлібай бокстан әлем чемпионы атанды

Черногория елінің Будва қаласында өткен бокстан жастар арасында 22 мемлекеттің қатысуымен әлем кубогі өтті. Байрақты додада еліміздің намысын қорғаған Шұғыла Нәлібай 75 келіде алтын медаль алып, жастар арасында әлем чемпионы атанды
Байрақты додада өңір мерейін асқақтатқан Шұғыла Нәлібай Сарыағаш ауданының тумасы. Ол Түркістан облыстық №5 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті.