Жетісайда мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге сый-сияпат жасалды

Жетісай ауданында Наурызнама онкүндігі аясында «Наурыз – мейірімділік мерекесі» аталып өтті. «Үміт ұясы» оңалту орталығында өткен шараға аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков қатысып, бүлдіршіндерге сый-сияпат жасады. Сондай-ақ, концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, салт-дәстүрлерден көріністер қойылды.
Бүгінгі таңда орталықта 40-қа тарта бүлдіршінмен 21 маман жұмыс жүргізеді.Мерекелік шара соңында қаржылай және заттай демеушілік жасаған азаматтарға алғыс хаттар табысталды.