Мақтаарал ауданында ұлттық спорт күніне орай түрлі сайыстар өтті

Бүгін аудан орталығы Мырзакент кентінің орталық алаңында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен «Мырзакент» спорт клубының ұйымдастыруымен «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мейрамына орай «Спорт бізді біріктіреді» атты ұранмен түрлі спорт түрінен сайыстар өтті. Шараға аудан әкімі Бақыт Асанов арнайы қатысып, көпшілікті мейраммен құттықтады.
Жалпы жарыс – жастар арасында ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау, аудан тұрғындары арасында бұқаралық және көпшілік спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған. Атап айтқанда, асық ату, қошқар көтеру, қол күресі, гір тасын көтеру және алыптар сайысында аудан тұрғындары бақ сынады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері естелік сыйлықтармен марапатталды.