1 маусымнан бастап Қазақстанда не өзгереді?

1 маусымнан бастап жүк көліктерінің қозғалысына жазғы шектеу енгізіледі.
“ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясы мәліметінше, бұл шаралар күннің ыстығында жол жабындысын сақтауға және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге бағытталған.
Шектеу мерзімі:
- еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде 1 маусымнан 31 тамызға дейін;
- солтүстік және шығыс өңірлерінде 1 маусымнан 15 тамызға дейін.
Бұдан бөлек, балаларға арналған бірыңғай ваучер енгізіледі.
Қазақстанда спорт, өнер және қосымша білім беру бағыттары бойынша бірыңғай ваучер жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылады. 1 маусымнан бастап бұл бастама Астана, Шымкент, Қарағанды, Қызылорда, Атырау және Ақтөбе қалаларында жүзеге асырылады.
Бұл жүйе мемлекеттік және жекеменшік спорт секцияларын, шығармашылық үйірмелер мен қосымша білім беру курстарын бірыңғай цифрлық платформаға біріктіреді.