Қазақстанда қанша демалыс және ойын-сауық саябақтары бар – статистика

Қазақстанда қанша демалыс және ойын-сауық саябақтары бар – статистика
Өңірлерге шаққанда демалыс және ойын-сауық саябақтарының ең көбісі Түркістан облысында Астана және Алматы қалаларында орналасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылдың 1 қаңтарындағы дерекке сәйкес, Қазақстанда 208 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді. Оның 32,7%-ы – мемлекеттік меншікте, қалғаны – жекеменшік. Ойын-сауық саябақтарының 19,2%-ауылдық жерлерде орналасқан, делінген ҚР Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

Демалыс және ойын-сауық саябақтарының ең көбісі Түркістан облысында кездеседі: 27 саябақ. Астана қаласында – 22 саябақ, сондай-ақ Алматыда – 20. Жетісу облысында ең азы – 1 саябақ.

Ойын-сауық және демалыс саябақтарының жалпы ауданы 184,6 мың гектарды құрайды. Онда барлығы 3 848 ойын-сауық нысаны бар, оның 1465 – аттракциондар, 1642 – ойын автоматтары, 741-басқа түрлері.

2022 жылы демалыс орындарына 14,2 млн адам барған.