Трамп Иранның болашағы туралы мәлімдеме жасады

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран басшылығы толық өзгеруін қолдайтынын және Вашингтонда “жақсы көшбасшы” рөліне лайық бірнеше үміткер бар екенін айтты.

“Барып бәрін тазартқымыз келеді… Оларда жақсы көшбасшы болғанын қалаймыз. Бізде бұл жұмысты жақсы орындайтын бірнеше адам бар”, – деді Дональд Трамп NBC News-ке берген сұхбатында.

Алайда бұл жолы да Дональд Трамп үміткерлер нақты кім екенін атаудан бас тартты.